Өскемен тұрғынынан 50 млн теңге бопсалап алған ер адам ұсталды

0
777

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Өскемен тұрғынынан 50 млн теңге бопсалап алған ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Өскемен қаласының тұрғынынан екі жылда 50 млн теңге бопсалап алған ер адам ұсталды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына 2020 жылдың мамыр айынан бастап 2022 жылдың сәуіріне дейін 54 жастағы азаматтан ақша бопсалап келген ер адам жайлы ақпарат түсті. Көп ұзамай қаланың 49 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталды.

«Белгілі болғандай, ол өзінің физикалық күшін пайдаланып, жәбірленушіден ақша талап еткен. Алғаш рет одан 150 мың теңге алды. Содан кейін құныға түсіп, соманы көбейте бастаған. Бас тартқан жағдайда ұрып-соғамын деп қорқытқан. Жәбірленуші өз атына несие алуға, тіпті анасының пәтерін сатудан түскен қаражаттың бір бөлігін беруге мәжбүр болды. Алайда бопсалаушы заңсыз әрекетін сонда да тоқтатқан жоқ. Күдікті өзінің құрбанынан тағы да 2 млн теңге алмақшы болған жерінен ұсталды», - делінген ақпаратта.

Жалпы алғанда 2 жыл ішінде оның қылмыстық әрекетінен келтірілген материалдық залал 50 млн теңгені құрады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.