Өскеменде 92 мың теңгеге түскі ас ішкен жігіт қашып кетті

0
917

Полиция 26 жастағы жігітті ұстады.


Өскеменде 92 мың теңгеге түскі ас ішкен жігіт қашып кетті

ERNUR.KZ. Өскемендегі мейрамханалардың бірінде 92 мың теңгенің түскі асын ішкен жігіт ақшасын төлемей қашып кеткен, деп жазады ҚазАқпарат.

Кеше Өскемен қалалық Полиция департаментінің Ертіс полиция бөліміне 28 жастағы мейрамхана әкімшісі шағымданған.

«Қаладағы мейрамханалардың біріндегі әкімші 12 қазан күні түскі ас ішіп, ақшасын төлемей кеткен қонаққа қатысты шара қолдануымызды сұрады. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция 26 жастағы жігітті ұстады. Ол кінәсін толық мойындады», - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта жігіттің үстінен ҚР ҚК-нің 195-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.