Өскеменде аулада жарылыс болып аспаннан тас жауды (ВИДЕО)

0
897

"Егер сол сәтте аулада балалар жүрсе аспаннан жауған кесек тастардың астында қалар еді."


Өскеменде аулада жарылыс болып аспаннан тас жауды (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Бүгін Өскемен қаласының №19 шағын ауданында болған жарылыстан көпқабаттыүйдің қасбеті мен аулада тұрған көлік бүлінді, деп жазады altaynews.kz.

Оқиғаның шамамен күндізгі сағат 13:50 дің айналасында болғаны айтылады. 119-шы позиция маңында құрылыс жүргізіп жатқан компания тау жынысын қопару мақсатында өндірістік жарылыс ұйымдастырған.

Тұрғындар бұл туралы әлеуметтік желілерге жазып жатыр:

«Аспаннан тас жауды. бүгін 12 сәуір сағат 14.00 шамасында КШТ-да 19 ауданда орналасқан 119 үйдің тұрғындары қауіпті оқиғаға душар болды. Тұрғын үйдің жанында 50 метр арақашықтықта жаңадан салынып жатқан құрылыс алаңында жарылыс болды. Тау жыныстарын бұзу үшін динамит қолдануы мүмкін. Тас жыныстары тұрғын үйдің қабырғаларын қаптаған сайдингтерді, терезерлерді сындырған. Сондай-ақ тұрақта тұрған "Ниссан" автокөлігіне зақым келтірді. Құдай сақтап аулада дәл сол уақытта адамдар болмаған. Подьездің алдында тұрған екі адам үйге кіріп үлгеріпті»,-деп жазады Фейсбук желісінің қолданушысы. (орфогр сақталған)

"Егер сол сәтте аулада балалар жүрсе аспаннан жауған кесек тастардың астында қалар еді," - дейді 119-шы үйді Маржан есімді тұрғыны.

Аталмыш жұмысты ШҚО бойынша өндірістік жарылыстарды жүргізіп келген «Востоквзрывпром» ЖШС ұйымдастырған анықталды. Компанияға қоңырау шалғанымызда өзін Александр Александрович деп таныстырған маман оқиғаның мән-жайын тексеріп жатқандығын жеткізді.

"Біз жарылыс алдында дыбыстық сиреналар арқылы ескерту жасаймыз. Бұл жолы да ескерту жасадық,"-дейді ол.