Өскеменде әйелді пойыз қағып кетті

0
309

Әйел адам түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.


Өскеменде әйелді пойыз қағып кетті

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында әйел адамды пойыз қағып кетті. Қазір оқыс оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп жазады inform.kz.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға қала іргесінде орналасқан Защита ықшамауданындағы «Өскемен-1» станциясында болған.

«Жүк пойызы белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 40 жастағы әйелді қағып кетті», - делінген ақпаратта.

Әйел адам түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салсақ, осыған дейін Абай облысында биыл жол-көлік оқиғаларына түскендер саны екі есеге артып кеткені хабарланған болатын.