Өскеменде хоккей командасының қақпашысы жаттығу кезінде өзін нашар сезініп, ауруханада көз жұмды

0
418

Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.


Өскеменде хоккей командасының қақпашысы жаттығу кезінде өзін нашар сезініп, ауруханада көз жұмды

ERNUR.KZ. Бүгін Өскемендегі спорт сарайында «Торпедо» жастар хоккей командасының қақпашысы Иван Пыленок өзін нашар сезініп, дереу жедел жәрдем шақыртылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Дәрігерлер спортшыға қажетті медициналық көмек көрсетіп, оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Өкінішке қарай, барлық қолданылған шараларға қарамастан, Иванның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

«Торпедо» хоккей клубы Иванның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Біз оны талантты, амбициялы және жарқын спортшы ретінде мәңгі есте сақтаймыз. Бұл барлығымыз үшін орны толмас қайғы», - делінген хабарламада.