Өскеменде көпқабатты үйдің балконынан 3 жасар бала құлап кетті

0
654

Үйде әкесі болған.


Өскеменде көпқабатты үйдің балконынан 3 жасар бала құлап кетті

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында көпқабатты үйдің балконынан 3 жасар бала құлап кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға 2 мамыр күні сағат 18:24-те Виноградов көшесінде болған.

«2018 жылы туған бала 3-қабаттың балконынан құлап кетті. Үйде әкесі болған. Жедел жәрдем дәрігерлері баланы бірден ауруханаға жеткізді. Қазір бүлдіршін Өскемендегі Ана мен бала орталығына жатқызылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар көп жағдайда балалар ата-анасы қараусыз қалдырған кезде құлайтынын ескертті.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-дағы табиғи қорықта 100 гектарға жайылған өрттің беті қайтпай жатқанын хабарлаған едік.