Өскеменде науқас аурухананың алтыншы қабатынан секіріп кетті

0
398

1967 жылы туған науқас осыған дейін тыныс алу жолдарындағы дертке қатысты жансақтау бөліміне түскен.


Өскеменде науқас аурухананың алтыншы қабатынан секіріп кетті

ERNUR.KZ. Өскеменде 1967 жылы туған ер адам 4-қалалық аурухананың 6-шы қабатынан секіріп, көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Психомоторлық жағдайы қозған науқас алтыншы қабаттағы палатасының терезесінен секіріп кетті. Науқастың жанындағы медбике оны құтқарып қала алмады. Ол алған жарақатынан көз жұмды», - деп хабарлады ШҚО денсаулық сақтау басқармасы.

YK-news.kz мәліметінше, облыстық денсаулық сақтау басқармасы 1967 жылы туған науқас осыған дейін тыныс алу жолдарындағы дертке қатысты жансақтау бөліміне түскенін хабарлаған.

«Емдеу мекемесінің басшылығы жүргізген қызметтік тергеу медициналық қызметкерлердің жұмысынан заң бұзу фактілерін анықтаған жоқ», — деп толықтырды облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Психолог пациенттермен және медициналық қызметкерлермен жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтаумен құқық қорғау органдары айналысады.