Өскеменде робот-хирург ота жасады

0
1 937

Құлтемірдің қимыл-қозғалысының дәлдігі жоғары. Ол науқасқа күштің шамадан тыс түсуіне жол бермейді. Ота кезіндегі аурудың асқынуын болдырмайды.


  Өскеменде робот-хирург ота жасады

фото: ustinka.kz

Елімізде алғаш рет роботтандырылған ота жасалды. Италиядан келген маман Стефано Джидаро роботтың көмегімен 50 жасар Өскемендік әйелдің өтіне ота жасады ERNUR.KZ ustinka.kz-ке сілтеме жасап.

Құлтемірдің қимыл-қозғалысының дәлдігі жоғары. Ол науқасқа күштің шамадан тыс түсуіне жол бермейді. Ота кезіндегі аурудың асқынуын болдырмайды. Ота жасайтындардың: дәрігерлер, медбикелер, анестезиологтардың біліктілігі жоғары болуы керек,-дейді қалалық аурухана дәрігері Ринат Мұздыбаев.

№1 Қалалық ауруханада роботтандырылған ота жасайтын база бір жыл бұрын іске қосылған. ШҚО-да елімізде бірінші болып хирургия саласындағы жаңа технология іске қосылды. Аурухананың 4 маманы: екі дәрігері менекі медбикесі арнайы Италияда біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша білім алып келген. Қазір Өскеменде шетелдік маман шеберік сабақтарын өткізіп жүр.