2008 жылы туған жасөспірім қыз медициналық мекемеге шұғыл жеткізілді.
ERNUR.KZ. Куәгерлер құтқарушыларға дереу хабар берген. Оқиға орнына жедел қайықпен жеткен құтқарушылар қызды өлімнен аршалап қалды, деп жазады inform.kz.
ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Андрей Дубихин, Медет Ахметов келіп жетіп, олар мұздай суық судан өз әріптесіне, № 5 құтқару бөлімшесінің басшысы Виталий Склярға және зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетуге көмектескен екі ер адамға қол ұшын берді.
Жедел жәрдем дәрігерлерін күтпей, өрт сөндіруші-құтқарушылар Эльдар Зарипханов, жүргізуші Қуаныш Мұратханов, Дияс Мұқаев жедел кезекшінің орынбасары, жүргізуші Нұржан Базарқұлов, аға нұсқаушы-құтқарушы Евгений Головченко 2008 жылы туған жасөспірім қызды медициналық мекемеге шұғыл жеткізді. Бір өлімнен аман қалған қыз мамандардың бақылуына алынып, ауруханаға жатқызылды.