Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзарды.
ERNUR.KZ. Осы апта ішінде қанша шетел азаматының жеке сәйкестендіру нөмірін алуға өтініш бергені белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Өткен аптада 12 798 шетел азаматы жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуға өтініш берді. Осы апта ішінде 10 354 шетелдік ЖСН алуға өтініш тапсырды. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы клиенттердің легін байқау мақсатында бейнебақылау камералары қаралды. Ұзын-сонар кезек байқалмады», - делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзарды.
«Клиенттер халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс уақытын арттыруды бұрыннан сұрап келеді. Оның ішінде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары да бар. Себебі азаматтар жұмыс күндері мемлекеттік қызметтерді алып үлгермей жатады. Осыған орай біздің корпорация клиенттерге ыңғайлы болу үшін күнделікті жұмыс уақытын сағат 20.00-ге дейін ұзартты. Сондай-ақ, сенбі күні сағат 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Одан бөлек, осы аптадан бастап мамандандырылған қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта жандандырды», - деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Нариман Дүйсекеев.