Депозитті жұбайына, ата-анасына немесе балаларына беру Отбасы банкінде кең таралған қызмет түрі болып табылады.
«Отбасы банк» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттері енді «Otbasy bank» мобильді қосымшасында жақын туыстарына өз депозиттерін аудара алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Депозитті жұбайына, ата-анасына немесе балаларына беру Отбасы банкінде кең таралған қызмет түрі болып табылады. Ай сайын шамамен мұндай 6000 операция жасалады. Бұрын бұл қызметті қолдану үшін банк клиенті мен оның депозитті қабылдайтын туысы филиалға бірге келіп, бірнеше сағат уақыттарын жұмсайтын.
Енді «Otbasy bank» қосымшасында депозитті тағайындау 5-10 минутты алады. Бұл қызметті онлайн режимде туыстардың келесі санаттары пайдалана алады: жұбайы (әйелі), ата-аналар (ата-ана), балалары, ағалары мен әпкелері (ата-анасы бір және ата-анасы бөлек). Табыстауды тек Отбасы банкінде 01.11.2016 жылдан кейін ашылған депозиттерге ғана рәсімдеуге болады. Депозит 01.11.2016 жылға дейін ашылған болса, табыстау қызметін қолдану үшін банк бөлімшесіне бару қажет.
Сондай-ақ, шот бойынша кемінде 50 АЕК (2022 ж. бұл 159 000 теңге) көлемінде жинақ болуы шарт.
Қызметті пайдалану үшін «Otbasy bank» мобильді қосымшасының негізгі мәзірінде депозитті бас тартқан пайдаланушы келесі қадамдарды орындауы қажет:
- «Операциялар» тармағын, содан кейін «Депозиттер» тармақшасын таңдаңыз;
- пайда болатын операциялар тізімінде «Тегін табыстау» тармағын таңдаңыз;
- шектеулер бойынша автоматты тексеруден өтіңіз;
- депозитті таңдап, табыстау шарттарымен танысыңыз;
- «Жалғастыру» түймесін басу арқылы келесі қадамға өтіп, депозитті табыстауды
- жоспарлап отырған жақын туысыңызды таңдаңыз;
- туысқандықты растаңыз, тексеру Мемлекеттік кредиттік бюроға (МКБ) сұрау салу
- арқылы жүзеге асырылады. Қосымша құжаттар қажет емес;
- үшінші тұлғаларға жеке деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беріңіз;
- клиенттің деректерін өзгерту туралы өтінішке және туыстық байланыстарды
- растау туралы өтінішке қол қойыңыз;
- SMS хабарлама арқылы жолданған бір реттік құпия сөзді енгізіңіз.
Осы қадамдардан кейін депозитті қабылдауға келісім беру туралы сауал туысқанға жіберіледі. Оны мобильді қосымшаға өту арқылы да көруге болады. Қабылдаушы тарап сол жерде деректерді тексеру келісіміне қол қойып, SMS хабарлама арқылы өзіне келген бір реттік құпия сөзді енгізеді.
Содан кейін депозитті табыстап жатқан клиент мобильді қосымшаға қайта кіріп, келісімін беріп, құқықтарды беру туралы өтінішке қол қояды. «Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы табыстау қызметін келесі тұлғалар қолдана алмайды:
1. Ата, әже, немере, нағашы апалар мен әжелер, немере ағалар, жиендер, ортақ туыстары бар үшінші тұлғалар. Олар депозитті табыстау қызметін қолдану үшін банк бөлімшесіне келулері қажет;
2. Сенімгерлер, кепілгерлер, қамқоршылар. Олар да депозитті табыстау қызметін қолдану үшін банк бөлімшесіне келулері қажет;
3. Уәкілетті мемлекеттік органдардың және жауапты лауазымды тұлғалардың шешімдері немесе өкімдерімен, шоттағы шығыс операцияларын тоқтатылған, үшінші тұлғалардың талабымен шоттан ақшаны алу туралы шешімдері немесе өкімдері бар, шоттағы қаражаты бұғатталған банк клиенттері;
4. Салықтық, әлеуметтiк төлемдер бойынша берешегі бар, сондай-ақ әрекетсіз салық төлеушi ретiнде танылған клиенттер;
5. Резидент еместер (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар).
Мобильді қосымша арқылы табыстауды кәмелетке толмаған салымшылар мен балалар үйі/жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерінің ТҚЖ келісім шарттары бойынша да жүзеге асыруға болмайды. «Арнау» және «Жас отбасы» депозиттерін, біржолғы зейнетақы төлемдері, демеушілік жарна қосылған депозиттерді, тұрғын үй төлемдері бар арнайы салымдарды, аралық және алдын ала заемдар бойынша кепілге салынған депозиттерді, сондай-ақ онлайн-табыстау арқылы сатуға шығарылған салымдарды табыстауға болмайды.
Депозитті тегін онлайн тағайындау жұмыс күндері Астана уақыты бойынша сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қолжетімді.