Өзбекстанда қазақстандық туристерге электрошокер қолданған полицейлер жұмыстан қуылды

0
546

Прокуратура олардың үстінен қылмыстық іс қозғады.


Өзбекстанда қазақстандық туристерге электрошокер қолданған полицейлер жұмыстан қуылды

ERNUR.KZ. Самарқандта қазақстандық туристерге күш қолданған өзбекстандық екі полиция қызметкері жұмыстан қуылды, деп жазады Stan.kz.

“Екі қызметкер полиция қызметінен босатылып, прокуратура олардың үстінен қылмыстық іс қозғады", - деп мәлімдеді Самарқанд облысының ішкі істер басқармасының басшысы.

Экс-полицейлерге қатысты іс Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 206-бабының 1-бөлігі – "Билік немесе лауазымдық өкілеттерді асыра пайдалану" бойынша тергелуде.

Еске салайық, самарқандтық полицейлер Қазақстаннан келген туристерді ұстап, оларға электрошокер қолданған. Туристер такси күтіп тұрғанда екі полиция қызметкері келіп құжаттарын көрсетуді талап етіп, кейін олармен бөлімшеге баруды сұраған. Полицерлер бұл талабын “коменданттық сағат” режимімен байланыстырған. Алайда қалада жүру бойынша ешқандай шектеу енгізілмегені анықталды.