#өзіңненбаста: Елорданың білім басқармасының басшысы еден жуып, шаң сүртіп жүр (фото)

0
1 812

Елорданың білім басқармасы #өзіңненбаста эстафетасын бастады.


#өзіңненбаста: Елорданың білім басқармасының басшысы еден жуып, шаң сүртіп жүр (фото)

ERNUR.KZ. Елорда білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин өзі еден жуып, эстафетаны өзге басшыларға жолдады, деп жазады qamshy.kz.

Бұл туралы Әнуар Жанғозин фейсбуктегі парақшасында жазып, суреттерін жариялады. #өзіңненбаста деген хештегпен басталған жазбасында Білім басқармасының жетекшісі оқушылардың мектепте еден жууына қатысты ақпаратты түсіндірде кеткен екен.

"Соңғы күндері елордалық мектептерде былтырдан бастап орын алған бастамаға қатысты көптеген пікірталастар туындауда. Атап айтқанда, оқушыларға мектеп ғимаратын тазалау кезінде техникалық қызметкерлерге көмек көрсету. Жалпы, бұл әр оқушы еден жуу керек деген сөз емес, осыны бірден атап өткім келеді. Бастама асханада ыдыстарын жуатын жерге апару немесе сабақтан кейін жұмыс орнын таза ұстау, кейбір жағдайда сыныптар мен дәліздерді жинауға көмектесу сияқты жұмыстар. Бұл біздің балаларымыздың бойында басқа адамдардың еңбегін құрметтеу және қоршаған ортаға күтіммен қарау дағдыларын дамыту үшін жасалады. Әрине, балалардың қалауы бойынша ғана іске асатын шаралар екенін ескертеміз. Тек сырттан бақылаушы рөлін атқармас үшін, мен бүгіннен бастап әр кеш сайын техникалық қызметкер әйелдерге өз кабинетімді тазалау арқылы олардың жұмысын жеңілдетіп, көмектесуге шешім қабылдадым. Бұған былай қарағанда 15-20 минут қана уақыт кетеді. Бүгін #өзіңненбаста эстафетасына бастама бере отырып, елордалық білім беру ұйымдарының басшыларын біздің балаларымызға өзіміз бұл жұмыстың ешқандай қиын және ұятты емес екенін көрсетуге шақырамын" делінген жазбада.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде елордалық мектептердің бірінде сабақтан кейін балалардың еден жуатыны туралы ақпарат тараған болатын. Пікір екіге бөлініп, бірі қолдаса, бірі сынап жатыр.