Пара алып жатқан жерінен қолға түскен лауазымды тұлғалардың видеосын жариялады

0
944

Күдікке ілінген лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жалғасуда.


Пара алып жатқан жерінен қолға түскен лауазымды тұлғалардың видеосын жариялады

ERNUR.KZ. Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы ПД ЖПБ Медеу аудандық полиция бөлімінің тергеушісі, полиция капитанына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол алаяқтық және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін компания директорынан бұрын келісілген 30 000 АҚШ долларының 26 800 доллары сомасында пара алуда күдікке ілінді, деп жазады Azattyq Rýhy.



Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет айтарлықтай көлемде пара алу күдігі бойынша «Шиелі ауданының білім бөлімі» КММ-нің сектор меңгерушісі әшкереленді.

Ол Шиелі ауданындағы мектептерге көмір жеткізуге мемлекеттік сатып алу шарты бойынша жеке кәсіпкерден жалпы құны 122 миллион теңгенің бес пайыздық мөлшерінде алдын ала келісілген 6 миллион теңгенің 3 миллион теңгесі сомасында пара алуда күдікке ілінді.




Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттіктің ЖҚБ, БҚО бойынша ҚР ҚМ ҚМК-мен бірлесіп БҚО бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің тергеу басқармасының 3 санаттағы біліктілік сыныпты аға тергеушісі мен БҚО ЭТД-нің 4 санаттағы біліктілік сыныпты жедел уәкіліне қатысты тергеу бастады. Олар 2020 жылы 1 қазанда азамат Т-ны алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы басқа органның өндірісіндегі қылмыстық істі тоқтатуға ықпал ету сылтауымен 5 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген.

БҚО бойынша ЭТД қызметкерлері ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес ұсталып, Орал қаласының уақытша қамау изоляторына қамалды.




Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Текелі қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директорына қатысты «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» бойынша бюджет қаражатына халыққа қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын Текелі қаласының жеке білім беру ұйымының қызметіне жалпы қамқорлық көрсету үшін пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша Алматы облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары мен бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша тапсырма негізінде «Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысынан тексерілетін «Жамбыл ауданының Самсы ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеу және салу» нысаны бойынша аудиторлық тексерудің оң нәтижелері үшін 1 млн теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді.