Қазақстанда 12 шілдеден бастап алты ай мерзімге бензин мен дизель отынын автокөлікпен әкетуге тыйым салынған болатын.
ERNUR.KZ. Қаржылық мониторингі агенттігі ел аумағынан Өзбекстанға ірі көлемде бензин әкету фактісі туралы хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Ведомство мәліметінше, Павлодар облысында көлемі – 280 тонна, шамамен 90 миллион теңге болатын жанармай құйылған 5 вагон-цистерна анықталған. Оларды жанармай қоспасы деген желеумен Өзбекстанға алып кетпек болған.
Алайда теміржол цистерналарынан алынған сынамаларға сәйкес К-4 экологиялық класындағы АИ-95 бензині болып шыққан.
"Келісімшарт бойынша шетел компаниясының пайдасына елден жалпы сомасы 45 миллион долларға 50 мың тонна экспорттау жоспарланған", – делінген ресми хабарламада.
Тергеу жалғасып жатыр, басқа ақпарат жария етілмейді, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
Еске салсақ, Қазақстанда 12 шілдеден бастап алты ай мерзімге бензин мен дизель отынын автокөлікпен әкетуге тыйым салынған болатын.