Павлодар облысында дүлей дауыл мектеп пен дәрігерлік бөлімшені шатырсыз қалдырды

0
544

​Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы ұйымдастырылды.


Павлодар облысында дүлей дауыл мектеп пен дәрігерлік бөлімшені шатырсыз қалдырды

ERNUR.KZ. Павлодар облысының Железинка ауданында дауыл бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Жергілікті тұрғындардың мүлкіне де зақым келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, 21 шілдеде Железинка ауданында қатты дауыл болды. Сол кезде Алакөл ауылында бір қабатты фельдшерлік-акушерлік бекеттің шатыры бұзылды. Құрылыстың жалпы ауданы – 187 шаршы метр.
Қазгидрометтің ақпараты бойынша желдің жылдамдығы секундына 16 метрге дейін жеткен.

Павлодар облысында дүлей дауыл мектеп пен дәрігерлік бөлімшені шатырсыз қалдыры.

Ал Петропавловка ауылында дүлей дауыл жалпы білім беретін мектептің шатырын ұшырып әкетті. Енді 50 шаршы метрді қайта жөндеу керек.
Бұдан бөлек, жеке меншік үйлердің шатырына да зақым келген. Шарбақтар бұзылған. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы ұйымдастырылды. Сол ғимараттар мен үй-жайларды қалпына келтіру мәселесі қаралды.