Павлодар облысында мектеп-интернатта оқушылар арасында жаппай төбелес болды

0
528

Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.


Павлодар облысында мектеп-интернатта оқушылар арасында жаппай төбелес болды

ERNUR.KZ. Павлодарда интернатта оқушылар арасында төбелес болып, үш адам зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz.

Бейресми ақпарат бойынша, 16 мамырда кадет корпусында 40 оқушы “сынып сыныппен” жаппай төбелескен. Салдарынан үш жасөспірім әртүрлі жарақаттармен ауруханаға түскен.

Павлодар облысының полиция департаменті Қабанбай батыр атындағы "Жас сарбаз" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында төбелес болғанын растады.

"Іс жүргізу барысында полиция қызметкерлері кабинеттердің бірінде төбелес болғанын анықтады. Үш оқушы дене жарақатын алды. Оқушыларға медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйлеріне жіберілді", - деді ведомство.