Павлодар облысында өз басына оқ атқан полиция қызметкері ауруханада көз жұмды

0
355

2002 жылы туған жас жігіт үйге түскі асқа келіп, қызметтік қарумен өз басына оқ атқан.


Павлодар облысында өз басына оқ атқан полиция қызметкері ауруханада көз жұмды

ERNUR.KZ. Павлодар облысы Ертіс ауданындағы кіші сержант есін жимай көз жұмды. Дәрігерлер Романды аман алып қала алмады, деп жазады stan.kz.

2002 жылы туған жас жігіт үйге түскі асқа келіп, қызметтік қарумен өз басына оқ атқан.

Бұған дейін ол өз-өзіне қол жұмсау туралы жазба қалдырған. Полиция тергеуді бастады.

"Аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында Ертіс аудандық ішкі істер бөлімінің жас қызметкері қызметтік қарудан өз басына оқ атқаны туралы хабарлаған едік.