Павлодар тұрғыны автокранмен төрт патрульдік машинаны қағып кетті

0
1 034

Жүргізуші, 1999 жылы туған, Павлодар қаласының тұрғыны.


Павлодар тұрғыны автокранмен төрт патрульдік машинаны қағып кетті

ERNUR.KZ. Павлодар тұрғыны мас күйде автокранды ұрлап, жергілікті полицияның төрт қызметтік автокөлігін қағып, полициядан жасырынбақ болған, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 8 сәуірде таңертең болды.
"Полиция қызметкерлері қаланы патрульдеу кезінде таңғы сағат 05:30 шамасында Ломов көшесіндегі МАЗ кран көлігін тоқтатпақ болған. Бірақ жүргізуші полиция талабын орындамай, керісінше қашпақ болған", - деп мәлімдеді ведомство.
Қашқан автокран жүргізушісі бірнеше жол-көлік оқиғасын жасады, салдарынан 4 патрульдік полиция мен Toyota Avalon қызметтік көліктері зардап шекті. Жүргізуші Малая айналма көшесінде ұсталды, өйткені автокран аударылып қалған.
"Жүргізуші, 1999 жылы туған, Павлодар қаласының тұрғыны. Ұсталған кезде мас күйде болған, медициналық куәландыру мұны растады", - деп хабарлады полиция.
Жүргізушінің бұл автокөлікті ұрлағаны анықталды, жүргізуші куәлігі жоқ. Қылмыстық кодекстің 200-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бұл бап - ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену.
Сонымен қатар жүргізушіге қатысты Көлік құралдарын құқықсыз басқарғаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотта қаралады. Павлодар облысының полиция департаменті қызметтік көліктерге келтірілген материалдық залалды өтеу туралы азаматтық тәртіппен сотқа жүгінуді жоспарлап отыр.