Павлодарда бір апта бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

0
750

Игорь Руденко үйінен белгісіз жаққа шығып, жоғалып кеткен.


Павлодарда бір апта бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Павлодарда үйінен шығып кеткен ер адамның жансыз денесі табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Із-түзсіз жоғалған Игорь Руденконың денесі табылды. Біз соңғы уақытқа дейін оның тірі екеніне сенген едік. Біздің командамыздың атынан марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз», - деп жазылған хабарламада.

Игорь Руденко үйінен белгісіз жаққа шығып, жоғалып кеткен. Іздеу шаралары бір аптадан астам жүргізілді. Еріктілер хабарсыз кеткен ер адамның суреттерін адамдар көп жүретін орындарға жабыстырып, әлеуметтік желілерге орналастырды.

Қараусыз қалған ғимараттарды, шатырлар мен жертөлелерді аралады.