Апатты тергеу жөніндегі комиссия құрылды.
ERNUR.KZ. Павлодар қаласында 25 тонналық көлік кранының жебесі дүкеннің төбесіне құлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Төтенше жағдай 10 ақпанда Горький көшесінде болған. КС-5363А маркалы кранның тұрған орнын ауыстырған кезде жебе ауытқып, жақын тұрған бір қабатты дүкенге құлаған.
Кранды "Малайсары" ЖШС жалдаған. Ал иесі – ЖК "Бейсенов".
Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Апатты тергеу жөніндегі комиссия құрылды.