Павлодарда "Маска тағыңыз" деген жазу тасжолдарға жазыла бастады

0
1 391

Бұл бастаманы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысы қолға алған.


Павлодарда

ERNUR.KZ. Павлодарда белсенді жастар карантин талаптарын сақтауға шақыратын жадынамалар жаза бастады. Олар тас жолдар мен тротурарларға "Маска тағыңыз" - "Носите маску" сөздерін бояумен жазды, деп хабарлайды Астана арнасы.

Бұл бастаманы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысы қолға алған. Этно-мәдени бірлестік жастары мен еріктілер жазуды бояуға ат салысыпты.


Барлықтарыңызды карантин талаптарын сақтауға әрі үнемі маска тағып жүруге шақырамын. Қазіргідей қиын жағдайда біз әлі де сақтық шараларын сақтауымыз керек! Сонда ғана жеңіске біргеміз жететін боламыз, - дейді "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының Павлодар облыстық штабының төрағасы Рамиль Смаилов.


Қазір өңірде бетпердесіз жүргендерге айыппұл салынбайды. Бірақ, мамандар, халық көп шоғырылған жерде маска тағуға кеңес береді. Жабық ғимараттарда бетперде тағу міндетті. Әйтпегенде жағдайда, айыппұл салуға құқылы.


Карантин талаптарын бұзған адамдар әкімшілік жауапгершілікке тартылады. Жеке тұлғаларға 83 340 теңге, шағын және орта бизнес өкілдеріне 638 940 теңге. Оның ішінде орта кәсіпорындарға 861 180, ірі кәсіпорындарға 4 млн. 444 880 теңге айыппұл қарастырылған, - дейді Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев.


Ал тұрғындардың көбі бұл талапты жабық ғимараттарға кіргенде ғана орындайтындарын айтады. Өйткені ыстық күнде далада маска тағып жүру қиын - дейді.

Дегенмен ортақ талапты орындау баршамызға міндет. Әр адам өз жақындары мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Осыны ескерткен белсенді жас буын өкілдері, масканы тағуды аяқ астына жазып, одан аттап кетпеуге үндейді.