​Павлодарда сәбилер балабақшаға саусақ ізі бойынша қабылданады

0
1 309

Балабақшаға кіреберісте арнайы құрылғылар орнатылған, оған әуелі ата-ана саусағын қойып, кейін тәрбиеші де саусақ іздерін енгізуі тиіс.


​Павлодарда сәбилер балабақшаға саусақ ізі бойынша қабылданады

Саусақ іздерінің негізінде жұмыс істейтін "Smart Павлодар" жүйесі пилоттық режимде қаладағы балабақшалардың бірінде іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Балабақшаға кіреберісте арнайы құрылғылар орнатылған, оған әуелі ата-ана саусағын қойып, кейін тәрбиеші де саусақ іздерін енгізуі тиіс. Осылайша жүйеде баланы әкелген-әкеткен уақыт сақталады, деп хабарлайды Sputnik pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Идентификация бойынша жасыл немесе қызыл түс жанады. Қызыл түс баланың медициналық анықтамасы жоқтығын немесе ақысы уақытылы төленбегенін білдіреді.

Бұдан бөлек, ата-ана мобильдік қосымшаны жүктеп алса болады.

BFGroup Inc компаниясының директоры Сергей Голышев айтқандай, бұрын балаларды балабақшаға қабылдау жүзбе-жүз жүргізілетін. Енді бұл процес автоматтандырылды. Қазір екі тілде дауыстық идентификация бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.