Павлодар қаласында барлығы 24 субұрқақ бар. Оның ішінде 21 субұрқақ коммуналдық меншікте.
ERNUR.KZ. Жоспар бойынша шаһардағы субұрқақтар 25 сәуірден бастап іске қосылу керек болған, деп жазады baq.kz.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 15 сәуір күні 3 субұрқақ іске қосылған. Олар: «Айналайын» саябағындағы екі субұрқақ пен Қаныш Сәтбаев атындағы саябақтағы бір субұрқақ.
"Өзге субұрқақтарды маусымға дайындау жұмысы жалғасуда. Мамандар құрылғыларды тазартып, сорғыларды орнатып, су толатын шарасын жөндеуде. 25 сәуірге дейін барлық дайындық жұмыстарын аяқтап, субұрқақтарды толық іске қосуды жоспарлап отырмыз", – деді әкімдікте.
Айта кетейік, Павлодар қаласында барлығы 24 субұрқақ бар. Оның ішінде 21 субұрқақ коммуналдық меншікте.