Павлодарда темір қоршауға түйрелген көліктегі жүргізуші аман қалды

0
412

​Жол жиегіндегі темір қоршау көліктің алдыңғы әйнегінен кіріп, артқы жүк салғышы мен дөңгелек тұсынан бір-ақ шыққан.


Павлодарда темір қоршауға түйрелген көліктегі жүргізуші аман қалды

Павлодарда жан түршіктірген жол апаты болды. ВАЗ көлігі жол жиегіндегі темір қоршауға киіліп қалған. 22 жастағы жүргізуші түйрелген техникадан ауыр жарақат алғанымен, аман қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Жол жиегіндегі темір қоршау көліктің алдыңғы әйнегінен кіріп, артқы жүк салғышы мен дөңгелек тұсынан бір-ақ шыққан. Полицейлер жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып, рөлге ие бола алмай қалған дейді. Қазір 22 жастағы жігіт бір ажалдан аман қалғанымен, жансақтау бөлімінде жатыр. Бас сүйегі сынып, миы шайқалған және қолы сынған дейді дәрігерлер – жағдайы тым ауыр. Ал апаттың нақты себеп-салдары анықталып жатыр.

"ВАЗ маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай металл қоршауға соғылды. Жол көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қамалды. Тексеріс жүріп жатыр", - дейді Павлодар облысы ПД баспасөз хатшысы Жанна Белялова.