Қазіргі уақытта 1,5 жасар бала ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр
ERNUR.KZ. Болған жайт туралы 1,5 жасар баланың анасы Іnstagram әлеуметтік желсіндегі парақшалардың бірінде жазған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Сәуірдің 6-сы күні сағат 21:03-те жедел жәрдем шақыра бастадым, себебі құрысу белгілерінен кейін баламның жүрегі тоқтап қалды. 5 минуттан кейін ғана қоңырауды алды. Мұндай жағдайды ескеретін болсақ, бұл – өте ұзақ. Олар шынымен де тез жетті, бірақ қандай науқасқа келе жатқанын біле тұра, жиналмай келген. Оттегі болмады, бұдан кейін шұғыл көмек көрсету үшін қалған құралдарды алуға қайтадан үш рет төмен түсті. Қанша уақытты жоғалтып алды», - дейді жазбаның авторы.
Әйел адамның айтуынша, алғашқы көмек көрсету кезінде баланың қабырғасын сындырып алған. Бұған қоса, ауруханаға бара жатқанда бала басымен құлап кеткен.
«Бүгінгі таңда балам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Жедел жәрдем бригадасының салғырттығына шара қолдануыңызды өтінемін», - дейді сәбидің анасы.
Облыстық жедел жәрдем станциясында бұл шағымға қатысты арнайы комиссия құрылып, тексеріс басталғанын хабарлады.
«Біріншіден, бала мен оның анасына денсаулық тілейміз. Тезірек жазылып шықсын! Жедел жәрдем бригадасының әрекетіне баға беріледі. Оның шынымен қабырғасы сынған болып шықты», - дейді станцияда.
Станцияда оқиғанын мән-жайы анықталып жатыр.