Ол бұрын да үйден кетіп қалып жүрген.
ERNUR.KZ. 2010 жылы туған жеткіншек аман-есен табылған, деп жазады КТК арнасы.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
– Кеше басталған іздеу іс-шаралары таңғы төртке дейін жалғасты. Даша соңғы рет құрбысына қоңырау шалған барлық аумақ тексерілді. Қыз табылды, – деп жазды «VITA» еріктілері.
Еске сала кетейік, облыс полициясының нарядтары, еріктілер № 5 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Дарья Шандрукты іздестірген болатын. 8 желтоқсанда полиция басқармасының кезекші бөліміне анасымен болған жанжалдан кейін сағат 23:00 шамасында жасөспірімнің үйден кетіп қалғандығы туралы хабарлама түскені анықталды.
Анасының айтуынша, ол бұрын да үйден кетіп қалып жүрген.