Павлодардағы жол апатынан бір әйел көз жұмып, екі бала жарақат алды

0
538

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр.


Павлодардағы жол апатынан бір әйел көз жұмып, екі бала жарақат алды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші әйел қайтыс болды, деп жазады ҚазАқпарат.

«25 маусым күні сағат 17:30-да Астана-Шідерті автожолының 252 шақырымында Mercedes автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып қалып, оқиға орнында қаза тапты.

Екі кәмелетке толмаған жолаушы ауруханаға жеткізілді», - деп жазды ІІМ-нен.

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр.