Петропавлда көшеде тыр жалаңаш жүгірген ер адам 10 күнге қамалды (видео)

0
870

Әлеуметтік желіде Петропавлдағы Ойқала ықшам ауданында күндіз тыр жалаңаш жүгірген ер адамның бейнежазбасы пайда болды.


Петропавлда көшеде тыр жалаңаш жүгірген ер адам 10 күнге қамалды (видео)

ERNUR.KZ. Петропавлда көшеге тыр жалаңаш шыққан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Stan.kz.

Әлеуметтік желіде Петропавлдағы Ойқала ықшам ауданында күндіз тыр жалаңаш жүгірген ер адамның бейнежазбасы пайда болды.

Полицейлер құқық бұзушыны ұстады. Ол 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Есірткі пайдаланған ер адамға "Ұсақ бұзақылық" бойынша материал жиналып, іс сотқа жіберілді.

Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 29 қараша күні 1986 жылы туған Петропавл тұрғынына қатысты істі қарады. Құқық бұзушы өз кінәсін мойындады. Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 10 күнге әкімшілік қамауға алуға үкім шығарды.