Подполковник жердегі кеспені жеуден бас тартқан сарбазды соққыға жыққан

0
457


Подполковник жердегі кеспені жеуден бас тартқан сарбазды соққыға жыққан

ERNUR.KZ. Подполковник солдатты жерге түскен кеспені жеуге мәжбүрлеп, келіспегені үшін соққыға жыққан. Соған қарамастан ол жазадан құтылып кетті, - деп жазады Tengrinews.kz.

Ақтөбе гарнизонының әскери сотында Қорғаныс министрлігі нөмірі "51809" әскери бөлімінің зениттік зымыран дивизиондары штабы бастығының ісі қаралды. Ол лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды және қатардағы жауынгерді ұрды деп айыпталды.

Түскі асқа бару үшін қатарға тұру кезінде подполковник кешігіп келген бірнеше сарбазды байқаған. Әңгімелесу барысында ол сарбаздардың біреуінің сөмкесінен бірнеше қапшық тез дайындалатын кеспені тауып алып, сарказммен: "не, аш жүрсіңдер ме?" деп сұраған. Осыдан кейін ол қатардағы жауынгерге кеспені жеуді бұйырады.


Сарбаз бас тартқанда еспе жерге түседі. Бұл подполковниктің ашуын туғызып, ол алдымен қатардағы жауынгерді алақанымен құлағына бірнеше рет ұрып, содан кейін жұдырықпен соғады. Сараптама нәтижелеріне сәйкес, жәбірленушінің құлақ мембранасы мен сол құлағында барабаны жарылып кеткен.

Сот отырысында айыпталушы өзінің іс-әрекеті арқылы әскери тәртіпті бұзғанын түсініп, өз кінәсін толық мойындады. Алайда оған ешқандай жаза тағайындалған жоқ. Зардап шеккен қатардағы жауынгер подполковникпен татуласып, оған ешқандай талабы жоқ екенін айтып, соттан оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған. Ақтөбе гарнизоны соты осыны ескеріп, қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдаған.