Полиция тәртіпсіздік басталғанда неліктен қару қолданбағандарын түсіндірді

0
334

Қалада тәртіпсіздіктер басталғанда тәртіп сақшылары қару қолданбаған.


Полиция тәртіпсіздік басталғанда неліктен қару қолданбағандарын түсіндірді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов хабарлады, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, қару қолдану адам шығынына әкелуі мүмкін болған.

Қалада тәртіпсіздіктер басталғанда тәртіп сақшылары қару қолданбаған.

Сонымен қатар әкімдіктегі адамдардың тығыздығын ескере отырып, полиция қызметкерлері қару қолданбады. Өйткені көптеген адам шығынына әкелуі мүмкін еді. Осыған байланысты полицейлер қару қолданбай, шегінуге мәжбүр болды, - деп атап өтті Қанат Таймерденов.
Сондай-ақ бұзақылар қалада бей-берекет тәртіпсіздіктер басталғанда әкімдікті тонау, дүние-мүлкін ұрлау секілді әрекеттерге көшкен.

Шабуылшылар полиция қызметкерлері мен әскери оқу орнының курсанттарын ұрып-соғып, мазақ қылып, арнайы құралдар мен киімдерін тартып алған. Дәл осы уақытта қаланың әр жерінде содырлардың көптеген топтары полиция жасақтарына оқ жаудырып, қаланы қиратуға кірісті, - деді мегаполистегі Полиция департаментінің басшысы.