Премьер-министр Олжас Бектенов өз таңдауын жасады

0
89

84 сайлау учаскесінде аумақтық комиссиялардың шешімдері бойынша дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.


Премьер-министр Олжас Бектенов өз таңдауын жасады

ERNUR.KZ. Қазақстанда дауыс беру уаскелері жұмысын таңғы сағат 7.00-де бастады, деп жазады sputnik.kz.

Сайлау учаскелері мемлекеттік әнұранмен ашылды.


Үкімет өкілдерінен дауысты алғашқылардың бірі болып премьер-министр Олжас Бектенов берді.

Ол елордадағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан №62 сайлау учаскесіне келді.


Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, аймақтарда таңғы сағат 7:00-де барлық 10 249 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.
84 сайлау учаскесінде аумақтық комиссиялардың шешімдері бойынша дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды. Тізімде 12 244 683 азамат бар.
Учаскелік комиссиялар 10 623 сырттай дауыс беру куәлігін берді.
Республикада барлығы 10 323 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 59 елде 74 учаске орналасқан.