Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Орталық Азия елдерімен көпжақты ынтымақтасты одан әрі нығайтуға ниетті екенін атап өтті.
ERNUR.KZ. Алматыда Орталық Азия және Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын ашатын уақыт келді. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-сессиясында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады sputnik.kz.
"Біздің аймақтың күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе – Ауғанстан. Ол тұрақты, өркендеген мемлекетке және сенімді сауда серіктесіне айналуы керек. Осы орайда Алматыда Орталық Азия және Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын ашатын уақыт келді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің барлығын біздің осы бастамамызды қолдауға шақырамын", - деді президент.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Орталық Азия елдерімен көпжақты ынтымақтасты одан әрі нығайтуға ниетті екенін атап өтті.