Ол ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болып 2019 жылдың наурыз айында тағайыналған еді.
Берік Уәли президент телерадиокешенінің директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ptrk.kz сайтына сілтеме жасап.
«ҚР президентінің телерадиокешені» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли сайланды», - делінеді хабарламада.
Берік Уәли 1977 жылы туған. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын "Кинотанушы" мамандығы бойынша, сондай-ақ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Журналистика" мамандығы бойынша магистратурасын және Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын "Таң" телекомпаниясы ақпараттық бағдарламасының корреспонденті болып бастаған, "НТК" телеарнасының шығарушы редакторы, "31-арнада" жауапты және бас редактор, "Хабар" агенттігінің ақпараттық бағдарламаларының редакторы-жетекші, Qazaqstan телеарнасының "1-студия" ток-шоуының жүргізушісі, "Нұр Медиа"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы болып жұмыс істеді. Баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, "Нұр Медиа" ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы, Министрдің кеңесшісі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2019 жылғы наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.