Президент Қазақстанда АЭС салу туралы айтты

0
579

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы сайлауалды бағдарламасында аса маңызды стратегиялық проблемаларға қатысты шешім референдум арқылы қабылданатынын мәлімдеген еді.


Президент Қазақстанда АЭС салу туралы айтты

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы атом электр станциясын (АЭС) салу туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Президент "Известия" газетіне берген сұхбатында елімізде атом электр станциясын салу туралы әртүрлі пікірлер айтылып жатқанын атап өтті.

"Елімізде АЭС салуға қатысты түрлі пікір айтылып жүр. Бір жағынан, Қазақстанның атом энергетикасын дамыту әлеуеті мол. Еліміз табиғи уран өндіру көлемі жөнінен әлемде бірінші орын алады. Сондай-ақ, ядролық отын компоненттерін өз елімізде өндіреміз және уранды изотопты байыту жөніндегі қызметтерге қол жеткізе аламыз. Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығарылады. Екінші жағынан, көп азамат мен сарапшы атом станциясының қауіпсіздігіне күмән келтіреді. Семей ядролық сынақ полигонының ауыр қасіретін ескерсек, мұны түсінуге болады. Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесінде Ресей тарапының жәрдем беру ұсынысын жоғары бағалаймыз. Әйтсе де АЭС құрылысы жөніндегі түпкілікті шешім референдум қорытындысы бойынша қабылданады", - деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы сайлауалды бағдарламасында аса маңызды стратегиялық проблемаларға қатысты шешім референдум арқылы қабылданатынын мәлімдеген еді.