Президент Қостанай облысындағы өртті сөндіру жұмыстарымен танысады

0
692

Мемлекет басшысы үкіметке төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қажетті қаражат бөлу туралы тапсырма берді.


Президент Қостанай облысындағы өртті сөндіру жұмыстарымен танысады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жедел штабқа барып, өртті сөндіру үшін қабылданып жатқан шаралармен танысуды жоспарлап отыр, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы БОРТ№1 хабарлайды.
"Жалпы, облыстағы жағдай толық бақылауда. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин басқаратын жедел штаб табиғи апаттарды жоюға қатысатын барлық органдардың іс-қимылдарын үйлестіреді",-делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы Қостанайдағы өртке қарамастан облысқа жұмыс сапарымен баратынын мәлімдеді.
Сондай-ақ мемлекет басшысы үкіметке төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қажетті қаражат бөлу туралы тапсырма берді.