Президент күзеті қалай жұмыс істейтіні жайлы деректі фильм жарыққа шықты

0
623

Ол ел Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы Жарлығы бойынша құрылған.


Президент күзеті қалай жұмыс істейтіні жайлы деректі фильм жарыққа шықты

ERNUR.KZ. Президент телерадиокешені Мемлекет басшысының күзет қызметі туралы жаңа деректі фильмді жариялады. Фильм Мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған, деп жазады tengrinews.kz.

"Мемлекеттік күзет қызметі - біз өте аз білетін ұйым. Мемлекет басшысын кім қорғайды? Олар қалай жаттығады, төтенше жағдайларға қалай әрекет етеді? Бұл деректі фильмде құпияның пердесін ашып, кейбір сәттерді өзіміз де сынап көреміз", - деп бастайды деректі фильмді "Қоғамдық Келісім" директорының орынбасары Константин Харламов.

Фильм сипаттамасында Мемлекеттік күзет қызметі ұлттық қауіпсіздік құрылымдарына тиесілі екені және ел Президентіне бағынып, есеп беретіні айтылған.

"Мемлекет басшысының күзеті видео және суреттерде сирек кездеседі. Қызметкерлердің бет-бейнесі, тіпті жеке деректері құпия ақпарат саналады. Бірақ олар үнемі Президенттің қасында. Олардың міндеті - мемлекеттің бірінші бет-бейнесін қорғап, кез келген оқыс оқиғаның алдын алу. Олардың жұмысының сыры әрқашан жасырын қалады. Фильмде тәулік бойы Мемлекет басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндерге қойылатын жоғары талаптар ерекше аталған", - делінген Президент телерадиокешені хабарламасында.


Айта кетейік, бүгін, 21 сәуірде Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтіп жатыр. Ол ел Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы Жарлығы бойынша құрылған.