Президент Жолдауы бірнеше тілге аударылады

0
1 661

Жолдаудың мәтіні шетелдік саяси-іскерлік және сараптамалық топтар арасында таратылады


Президент Жолдауы бірнеше тілге аударылады

ERNUR.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы Жолдауын шет тілдерге аударуға кірісті, деп жазады ҚазАқпарат.

Министрліктің баспасөз xатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, бүгінде xалықаралық қоғамдастық тарапынан ҚР Президентінің Жолдауына қатысты оң пікірлер жиі айтылады. Соның бәрі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс тапты.

«Қазіргі кезде Президенттің Жолдауы араб және ағылшын тілдеріне аударылған. Сонымен қатар, әлемнің басқа да тілдеріне аударылып жатыр. Жолдаудың мәтіні шетелдік саяси-іскерлік және сараптамалық топтар арасында таратылады. Жалпы, сыртқы істер министрлігі алдында прагматизм негізінде xалықаралық аренада Қазақстанның сыртқы саясатын бейімдеу және ұлттық мүделерімізді ілгерілету бойынша нақты міндеттер тұр. Жолдауды іске асыру үшін министрлік еліміздің салалық ведомстволарымен және өңірлерімен тығыз ынтымақтастық орнатып, оларға қажетті қолдауды көрсетуге дайын», - деді А.Смадияров Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, өткен аптада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев xалыққа арнаған кезекті Жолдауын жариялады. ҚазАқпарат агенттігі аталған құжаттын толық мәтінін таратқан болатын.