ПТР нәтижесі жоқ шетелдіктер Қазақстаннан депортацияланып жатыр

0
849

24 қарашада Қазақстанға 10 елден 13 халықаралық рейс келді.


ПТР нәтижесі жоқ шетелдіктер Қазақстаннан депортацияланып жатыр

ERNUR.KZ. Уақыты өтіп кеткен ПТР сертификаттарымен Ресейлік жолаушылар Алматыдан шығарылды, деп жазады Stan.kz.

Қазақстанға 24 қарашада Египет, Түркия, Корея, БАӘ, Ресей, Грузия, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан және Германиядан 13 халықаралық рейс келді.

1420 әуе жолаушыларының ішінде 1328 адамда ПТР сынағының теріс нәтижесі бар сертификаттары болды, Қазақстанның 91 азаматы сертификатсыз келді. Олар карантинге жабылды. Тестілеуден кейін олардың біреуінде коронавирус анықталды.


"Сонымен қатар, COVID-19 сынағынан өту туралы мерзімі өткен сертификаттың берілуіне байланысты Түркиядан ұшақпен келген Ресей Федерациясының азаматы Алматы әуежайынан шығарылды", - деп толықтырды департамент.