БАҚ-та елшінің Қазақстаннан шұғыл кеткені туралы ақпарат тарап жүр.
ERNUR.KZ. Ресей елшілігі Евгений Бобровтың Қазақстаннан кетуіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.
Елшілік жариялаған ақпаратқа сәйкес, БАҚ-та елшінің Қазақстаннан шұғыл кеткені туралы ақпарат тарап жүр. Бұл шындыққа жанаспайды.
"Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының бас консулы Евгений Бобровтың РФ мемлекеттік қызмет туралы заңына сәйкес жоспарлы миссиясы аяқталды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін БАҚ-та РФ бас консулының Қазақстаннан кетуіне елде орыс тілді мектептердің азаюы мен орыс тілін қолдану аясының тарылуына қатысты жазған жазбасы себеп болды деген ақпарат тараған еді.