30 наурыздан бастап Ресей Қазақстанмен шекарадағы шектеулерді алып тастайды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штаб өкілі айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
"Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб 2022 жылғы 30 наурызда Мәскеу уақыты бойынша 0 сағат 00 минуттан бастап Қазақстан азаматтарының Ресейге кіруіне және Ресей азаматтарының Ресей-Қазақстан шекарасының құрлық учаскесі арқылы Қазақстанға, сондай-ақ, Моңғолия азаматтарының Ресейге және Ресей азаматтарының Ресей-Моңғол шекарасының құрлық учаскесі арқылы Моңғолияға кіруіне шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.