Ресейде телефон алаяқтары қазақстандық нөмірлерді қолдана бастаған

0
444

Күдікті телефон қоңыраулары ресейліктерге 2022 жылдың күзінен бері соғыла бастаған.


Ресейде телефон алаяқтары қазақстандық нөмірлерді қолдана бастаған

ERNUR.KZ. Ресейде телефон арқылы ажамдардың ақшасын жымқырумен айналысатын алаяқтар нөмірлерін шетелдік, соның ішінде қазақстандық нөмірлерге ауыстыра бастады, деп жазады ulysmedia.kz.

Күдікті телефон қоңыраулары ресейліктерге 2022 жылдың күзінен бері соғыла бастаған.

Мұндай қоңыраулардың ең көбі 2022 жылдың соңында Қазақстан, Түркия және Иран нөмірлерінен келіп түскен.

Нөмірді ауыстыру – көптеген байланыс операторлары, соның ішінде шетелдік операторлар көрсететін қызмет. Заңды түрде ол ең алдымен қызметкерлердің тікелей байланысын жасыратын компаниялар тарапынан сұранысқа ие.