Ресейдегі кісі өліміне күдікті өзбекстандық азамат Алматыда қолға түсті

0
416

Алматыда «Келімсек» іс-шарасының екі күнінде іздеуде жүрген 7 күдіктінің қолға түскен.


Ресейдегі кісі өліміне күдікті өзбекстандық азамат Алматыда қолға түсті

ERNUR.KZ. Алматылық полицейлер Ресейдегі кісі өліміне күдікті ер адамды ұстады, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық көші-қон қызметінің мәліметінше, елге тіркелуге келген 32 жастағы Өзбекстан азаматы көші-қон қызметтері орталығында ұсталды.

«Ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы жүргізілген өтініш берушінің жеке басын тексере келе біздің бөлім қызметкерлері С.есімді азаматтың 2015 жылдан бастап Ресейдің Астрахан облысы бойынша ІІМ-де РФ ҚК-нің 105 бабы, 1 бөлігі - кісі өлтіру қылмысы үшін іздеуде екендігін анықтады. Қалалық криминалдық полиция қызметкерлерінің көмегімен күдікті ұсталды. С.есімді азамат Өзбекстаннан Алматыға жұмыс істеуге келген», - деді, Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Спикер, Алматыда «Келімсек» іс-шарасының екі күнінде іздеуде жүрген 7 күдіктінің қолға түскенін атап өтті.