Ресейдің Қазақстан импортындағы үлесі тарихи антирекорд орнатты

0
1 385

2023 жылғы қаңтар-тамыз айларында елімізге жалпы сомасы 39,8 млрд доллардың тауары әкелінді.


Ресейдің Қазақстан импортындағы үлесі тарихи антирекорд орнатты

ERNUR.KZ. Оның 26,7%-ы Ресейдің үлесіне тиді. Бұл көрсеткіш Ресей үшін статистикада көрсетілген барлық кезеңдегі ең төменгі көрсеткіш болды, деп жазады inbusiness.kz.

DataHub жазуынша, бұл үлес бірден 10,7 пайыздық тармақшаға түсті. 2022 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Ресей Федерациясы жалпы импорттың 37,4%-ы тиесілі болған. Абсолютті түрде қазіргі 10,6 миллиард долларлық көрсеткіш өткен жылғы шамаға қарағанда 9%-ға жуық азайған.

Ресейдің үлесі азайып жатқанда, Еуропа Одағы мен Қытайдың көрсеткіштері керісінше белсенді түрде өсіп жатыр. ЕО жалпы құрылымда 4,1 пайыздық тармақша, Аспан асты елі 3,4 пайыздық тармақша қосты: тиісінше 18,4% және 25,1%.

Абсолютті сандарда ЕО көрсеткіштері 66%-ға ұлғайған: 7,3 млрд доллар. Қытайдың өсімі шамалы: +49% (6,7 млрд доллардан 10 млрд долларға дейін).