Ресейге көшетін қазақстандықтар орыс тілін жетік білетінін дәлелдеуі тиіс

0
908

Қазақстан азаматтары ресейлік паспортты алу үшін тұрақты тұруға өтініш, ұлттық паспорты мен орыс тілін білетіндігін растайтын құжат ұсынуы қажет.


Ресейге көшетін қазақстандықтар орыс тілін жетік білетінін дәлелдеуі тиіс

ERNUR.KZ. РФ Президенті Владимир Путин «Беларусь, Қазақстан және Молдава азаматтарын Ресей азаматтығына қабылдау туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл құжат ресейлік паспортты алу процедурасын жеңілдетеді, деп жазады inform.kz.

18 желтоқсанда рәсімделген құжат ресми жарияланған құқықтық актілер порталында орналастырылды. Оған сәйкес 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары келесі талаптарды сақтамай-ақ Ресей азаматтығын ала алады:

* Ресей Федерациясында тұрақты тұру;

* Ресей тарихын және Ресей Федерациясының заңнамасының негіздерін білу.

Дегенмен, қазақстандықтар орыс тілін жетік білетіндігін дәлелдеуі тиіс. Қазақстан азаматтары ресейлік паспортты алу үшін тұрақты тұруға өтініш, ұлттық паспорты мен орыс тілін білетіндігін растайтын құжат ұсынуы қажет. Дәл осыдай талап Молдава азаматтарына да қойылады. Ал Беларусь азаматтарына орыс тілін білетіндігін растаудың қажеті жоқ.