Ресейліктердің жұмысқа орналасуына шектеулер қойыла ма - Тамара Дүйсенова айтты

0
774

Мәжіліс аясында министр РФ азаматтарын жұмысқа орналастыруға байланысты сұрақтарға жауап берді.


Ресейліктердің жұмысқа орналасуына шектеулер қойыла ма - Тамара Дүйсенова айтты

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанға келген ресейліктердің жұмысқа орналасу жағдайы туралы айтты, деп жазады stan.kz.

Мәжіліс аясында министр РФ азаматтарын жұмысқа орналастыруға байланысты сұрақтарға жауап берді. Тамара Дүйсенованың айтуынша, Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында белгілі бір міндеттемелер бар.

"Шартқа сәйкес, қазақстандық қызметкерлер Ресейге арнайы рұқсатсыз келіп, жұмыс істей алады. Дәл сол сияқты ресейлік қызметкерлер де осында рұқсатсыз келіп жұмыс істеуге құқылы. Бірақ бұл елдің ұлттық қауіпсіздігіне әсер етсе, онда мемлекет шектеу қоя алады. Үш күн бұрын 6508 адамның Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті екенін айттым, бүгін бұл көрсеткіш 5300-ге түсті. Сандар күн сайын өзгереді", - деді министр.

Тамара Дүйсенова ұсыныстың көптігіне байланысты шектеу енгізу қарастырылған атап өтті.

"Мысалы, жұмыс орнында қазақстандықтардың үлесі 97% және шетелдіктердікі 3% болуы керек. Егер ресейліктердің үлесі артса, онда оларды қабылдау дереу тоқтатылады", - деп түсіндірді Еңбек министрлігінің басшысы.