Respublica партиясы тізімінен екі кандидаттың неге шығып қалғаны белгілі болды

0
640

Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау сайлауға қатыспайтыны хабарланған болатын.


Respublica партиясы тізімінен екі кандидаттың неге шығып қалғаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Партиялық тізімнен шығып қалған қос партия мүшесіне қатысты Respublica партиясының тең төрағасы Айдарбек Қожаназаров түсініктеме берді, деп жазады zakon.kz.

Оның айтуынша, бұл арадан саяси астар іздеудің қажеті жоқ.

"Себебі - қарапайым. Ол көші-қон, ұйымдастырушылық және отбасылық мәселелерімен тығыз байланысты. Олар осындай қысқа уақытта тізімге еніп кетеміз деп ойлаған жоқ. Отбасымен кеңесті, жұбайлары әсер еткен болуы мүмкін. Қалай дегенмен де олар Астанаға көшуге дайын болмай шықты. Сондықтан олар сайлауға қатыспау туралы шешім қабылдады", - дейді ол.

Ол аталған себеп сырттай біртүрлі көрінгенімен, партияластарының отбасылық жағдайын да ескеру маңызды болып табылатынын жеткізді.

"Біздің партия мүшелерінің бірінде аяқ-асты күтпеген жағдай орын алғанын білемін (оның аталған қос үміткерге қатысы жоқ), ол арада қайғылы жағдай болды. Міне, осы секілді елеп-ескерусіз қалдыруға болмайтын отбасылық жағдайлар болып тұрады, адам баласы болған соң".Айдарбек Қожаназаров

Айта кетсек, алдында Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау сайлауға қатыспайтыны хабарланған болатын.