Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзған 4 адамға айыппұл салынды

0
254

Олар атом электр станциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізген.


Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзған 4 адамға айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін 4 адам жауаптылыққа тартылды, деп жазады sputnik.kz.

"Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай, атом электр станциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу фактілерін анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Нәтижесінде 4 құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл арқалады.
Қала прокуратурасы қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу тәртiбi "Республикалық референдум туралы" және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарымен реттелетінiн ескертті.