Қазақстандағы Ресей елшілігі Республика күні мерекесіне орай Қазақстан халқына құттықтау жариялады, деп жазады Zakon.kz.
Елшілік Ресей үшін Қазақстан көрші мемлекет және сауда-экономикалық қарым-қатынасқа қатысушы ел ғана емес, сонымен қатар егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын РФ қолдауға және қажет болған жағдайда қорғауға дайын сенімді одақтас және интеграциялық серіктес екенін баса атап өтті.
"Қазақстанның сенімді дамуы, экономикалық көрсеткіштерінің өсуі, сыртқы саяси аренадағы және басқа да көптеген салалардағы табысы көз қуантады. Бұл екі елдің стратегиялық әріптестігінің ортақ мүддесіне сай келеді, атап айтқанда өңір мен Еуразия кеңістігінің тұрақтылығына аса маңызды үлес қосады. Біз Қазақстан халқының өз Отанын қаншалықты бағалайтынын, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағыт-бағдары бойынша жаңа Қазақстанды құруға қандай табандылықпен кіріскенін білеміз. Бауырлас Қазақстан халқына өркендеу, амандық және жаңа жетістіктер тілейміз", делінген құттықтауда.