Рудныйда журналист пәтерінен өлі табылды

0
695

Туыстары оны таңертең кілттенген пәтерінен тапқан.


Рудныйда журналист пәтерінен өлі табылды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстанда шығатын "Игілікті іс" (орысшасы "Хорошее дело" - ред.) газетінің журналисі Сергей Петренконың Қостанай облысы Рудный қаласындағы пәтерінде мәйіті табылды, деп жазады ktk.kz.

"Біздің Қостанай" сайты "алдын ала ақпарат бойынша, Петренконың жүрегі тоқтап қалғанын жазды. "Наша газета" сайты Петренконың туыстарына сілтеп, журналистің 11 қыркүйекте қоңырауларға жауап бермегенін жазады.

Туыстары оны таңертең кілттенген пәтерінен тапқан. Биыл қаңтарда 42 жасқа толған Петренко мектеп бітірген соң кеніште істеп, кейіннен "Рудный жұмысшысы" газетінде тілші болған. Соңғы жылдары "Игілікті іс" газетінде істеген.